Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Құтқарушылар туристерді тауда сақ болуға шақырады

2019 жылдың 14 қараша 2019 15:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары тауға шығатын туристерді, дайындықсыз жорықтар қауіп-қатерге толы екенін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы жылдары тауға саяхат жасайтын топтар әлеуметтік желіде танымал бола бастады. Бір-бірін жақсы танымайтын адамдар тауға бірге шығуды әдетке айналдырған.

«РЖҚЖ құтқарушылары бұл өте қауіпті екенін ескертеді. Жақсы таныс адамға ғана сену керек. Тауға жалғыз барудың қажеті жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының күрт өзгеруі және қар көшкіні туралы ескертіп, SMS хабарламаларын үнемі жіберіп отырады. Алайда, бұл туристерді тоқтатпайды, адамдар ескертуге қарамастан тауға шығып кетеді. Оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталады»,- деп хабарлайды РЖҚЖ.

Сондай-ақ, туристер тобындағы әр адам РЖҚЖ базасында тіркеуден өтуі керек.

«Құтқарушылар сіздің маршрутыңызды жазып алады және қайтатын бақылау уақытын анықтайды. Қиындық туындаған жағдайда бұл мамандарға бағытты тезірек анықтауға көмектеседі», - деп толықтырды ведомство.

Жоғары қарай