Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Күшті желге байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

2019 жылдың 9 тамыз 2019 18:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең сенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде күшті жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз 10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 10 тамыз күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

10 тамызда күндіз Атырау облысында кей жерлерде найзағай, оңтүстік батыс, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, қатты ыстық 36 градус күтіледі.

10 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай