Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

«Құрметті Сенатор» мәртебесін алған Елбасы аса маңызды талқылауларға қатысады

2019 жылдың 6 маусым 2019 12:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Құрметті Сенатор» мәртебесіне ие Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сенат отырыстарына қатысып, маңызды мәселелерде өз пікірлерін айтады. Бұл туралы Парламент Сенатының спикері Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шақыруымызды қабыл алып, отырысымызға қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша Сенат бекіткен «Құрметті Сенатор» мәртебесін қабыл алғаныңыз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіз әрқашан Сенатқа келіп, Бюро, комитет және палата отырыстарына қатысып, аса маңызды мәселелер бойынша өзіңіздің көзқарасыңызбен, көреген парасатты ой-пікірлеріңізбен бөлісе аласыз. Бұл мүмкіншілік сенаторлар үшін үлкен мәртебе, сонымен қатар зор жауапкершілік жүктейді», - деді Дариға Назарбаева Сенатта өткен салтанатты шарада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламенті Сенатында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының депутаттарымен ақылдасуға жиі келіп тұратынын айтты.

Жоғары қарай