Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Күрестен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті

2020 жылдың 19 ақпан 2020 20:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Грек-рим күресі бойынша 72 келіде кілемге шыққан қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов финалда ирандық Амин Явар Кавянинежадамен белдесіп, өкінішке қарай қарсыласына 8:0 есебімен жол берді.

Айта кетелік, осыған дейін аталған «Сарықұрлық» додасынан грек-рим күресінің шеберлері 1 алтын, үш қола медаль жеңіп алған болатын.

Нақтырақ айта кетсек, Тамерлан Шадукаев (77 келі) чемпион атанса, Хорлан Жақанша (55 келі), Азамат Күстібаев (87 келі) және Мансұр Шадукаевтар (130 келі) ел қоржынына қола медаль салған болатын.


Жоғары қарай