Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Күрестен әлем чемпионаты: Үш салмақта чемпиондар анықталды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 08:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күні грек-рим күресінен 3 салмақ дәрежесінде барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтар болсақ, 67, 87 және 97 келіде бақ сынаған балуандар арасында кіл мықтылар анықталды. Өкінішке қарай, аталған салмақ дәрежелерінде қазақ балуандары жоқ. Алайда, үшінші жарыс күні қазақстандық балуандар Олимпиада ойындарының 2 жолдамасын ұтып алды. Олар Мейрамбек Айнағұлов пен Асхат Ділмұхамедов .

Грек-рим күресінен Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатының үшінші күнгі жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

67 келі:

1. Исмаэль Борреро (Куба)

2. Артем Сурков (Ресей)

3. Франк Штебель (Германия), Мате Немеш (Сербия)

87 келі:

1. Жан Беленюк (Украина)

2. Виктор Лоринц (Венгрия)

3. Рустам Ассакалов (Өзбекстан), Денис Кудла (Германия)

97 келі:

1. Муса Евлоев (Ресей)

2. Артур Алексанян (Армения)

3. Дженк Иелдем (Түркия), Михаил Каджая (Сербия).

Сондай-ақ, жарыстың үшінші күні грек-рим күресінен 60, 77 және 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандар арасында финалистер белгілі болды. Енді бұл салмақтағы балуандар арасындағы шешуші сын бүгін өтеді.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай