Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 18:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Грек-рим күресінен ерлер арасында 60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан балуанымыз Мейрамбек Айнағұлов қола медаль үшін белдесуде украиналық Ленур Темировті 10:0 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына екінші қола медалді салды.





Айта кетелік, Айнағұловтың осыған дейін Токио Олимпиадасының жолдамасын да жеңіп алған болатын. Міне, бүгін әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасынан 55 келі салмақта грек-рим күресінің шебері Қорлан Жақанша ел қоржына алғашқы күміс жүлдені сыйласа, сол күні Алмат Кебіспаев қола медаль жеңіп алған болатын.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай