Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Күрес: Нұрғожа Қайпанов Италиядағы халықаралық турнирде топ жарды

2019 жылдың 26 мамыр 2019 11:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Италияның Сассари қаласында еркін және әйелдер күресінен Sassari City MAtteoPellicone Memorial халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық еркін күрес шеберлері жалпы есебі 7 медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға шықты деп хабарлайды Olympic.kz.

Жақында ғана Азия чемпионатында топ жарған Нұрғожа Қайпанов Италияда да қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол 70 келіде жеңімпаз атанды. Расул Қалиев (61 келі), Данияр Қайсанов (74 келі, Ғалымжан Өсербаев (79 келі), Азамат Дәулетбековтер (86 келі) күмісті қанағат тұтты.

Саятбек Оқасов (65 келі) пен Олег Болтин (125 келі) қола жүлдегерлер қатарында.

Қыздар арасындағы сында Айна Теміртасова (65 келі) мен Жәмила Бақбергенова (72 келі) үздік үштікке енген.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай