Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Құрамынан өсімдік майы табылған сүт өнімдері сауда айналымынан алынып тасталды

2019 жылдың 9 тамыз 2019 15:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері 106 сүт өнімінің құрамында өсімдік майы бар екенін анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сүт өнімдерін тексеру жұмысы ұдайы жүргізіледі. Бұл ретте ел аумағында тексерілген 106 сүт өнімінің құрамынан көрсетілмеген өсімдік майы табылды. Бұл өнімдер жалған өнімдер қатарына жатқызылды. Себебі, Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес, сүт өнімдерінің құрамында бөгде қоспалар болмауы керек. Егер өндіруші сүт өнімдерінің орнына алмастырғыш өсімдік майларын қосса, ол өнімдер – сүт тәрізді өнімдер деп аталуы тиіс», - деді комитет өкілі Дана Қасқатаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі техникалық регламенттерінің талаптарына ЕАЭО комиссия кеңесінің шешімімен өткен жылы қатаң өзгертулер енгізілген. Бұл өзгерістерді ескере отырып, өндірушілер өсімдік майы бар деген таңбаны өнімнің беткі жағында, үлкен шрифтпен орналастыруы керек.

«Жалған өнімдердің – шетелден келгені анықталды. Техрегламентке сай келмейтін және қауіпті өнімдер айналымнан алынып тасталды. Өкінішке қарай, жалған сүт өнімдерінің табылуы жылдан жылға жалғасып келеді. Ішкі нарықта жалған өнімдерге жол бермеу үшін күшейтілген зертханалық жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Азық-түлік,
Жоғары қарай