Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Құны 30 млн теңгелік бекіре балығын сатпақ болған полицей ұсталды

2020 жылдың 28 ақпан 2020 12:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында құны 30 млн теңгелік бекіре балығын сатпақ болған полицей ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның дерегінше, Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлік полиция департаментінің қызметкерін ұстады.

Ол қызмет бабын пайдаланып, жалпы құны 30 миллион теңгелік салмағы 111 келі болатын құрып кету қаупі бар «бекіре» тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаумен және сатумен айналысқан.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкері өз кінәсін мойындады», - деді Қайсар Баржақсынов.


Жоғары қарай