Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Күләш Шәмшидинова: Білім саласында 500 мың адамның жалақысы өседі

2019 жылдың 19 сәуір 2019 17:23

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Үкіметтік жұмыс тобының Шығыс Қазақстан облысының активімен өткен кездесуінде Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова 500 мың сала қызметкерінің еңбекақысы өсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, білім саласы қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру үш санат бойынша жүзеге аспақ. Бірінші санатқа колледж, мектеп оқушылары мен писхологтар, әдістеме қызметкерлері кірсе, екінші санатқа техникалық персонал еніп отыр. Ал колледж меңгерушілері мен мектеп директорлары, олардың орынбасарлары үшінші санатқа жатқызылған.

«Әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру үшін бөлінген қаржының 75 пайызы білім саласына бағытталып отыр. Бұл - шамамен 500 мың адам», - деді Күләш Шәмшидинова.

Министр тәуелсіздік жылдарында елімізде 1672 мектеп жаңадан салынғанын да тілге тиек етті. Бұл көрсеткіште Шығыс Қазақстанның үлесі - 142 мектеп. Ол, сондай-ақ, пән мұғалімдерімен қатар, мектеп психологтары мен сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыруға дендеп көңіл бөлінетінін жеткізді.

Мектептегі білім сапасын арттыру үшін 700 «тірек мектеп» іріктеп алынбақ. Дәл осындай принциппен 180 таңдаулы колледж, 20 университет іріктеледі.

«Колледждер мен университеттердің тиімділігі түлектерінің еңбек нарығындағы өтімділігі бойынша анықталады. Қазір айналдырған 2-3 жылдың ішінде жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Бұрын оған 20-30 жыл кететін. Сондықтан алдағы уақытта елімізге керек 100 мамандықтың тізімін жасаймыз», - деді министр.

Жоғары қарай