Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Құдалық жасаған Алматы облысының тұрғыны жауапқа тартылды

2020 жылдың 6 сәуір 2020 21:31

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында құдалық жасаған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы Сарқан аудандық сотында төтенше жағдай тәртібін өрескел бұзған құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал WҺatsАрp мобильдік қосымшасы арқылы қаралды. Сотта анықталғандай ол ел ішінде төтенше жағдайдың жарияланғандығын біле тұра, мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзып, ауданның бір тойханасында құдалық өткізген.

Сот ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-тармақшасы бойынша құқық бұзушыны кінәлі деп танып, оған жаза ретінде 26 510 теңге мөлшерінде айыппұл салды.

Істердің мобильдік қосымшалар арқылы қаралуы, іс бойынша тараптардың COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде сот отырысына қашықтан, өздерінің және басқалардың денсаулығына қауіп төндірмей қатысуына мүмкіндік береді.

Сарқан аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Жоғары қарай