Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Құбыр жөндейтін жұмысшы түрмеге телефон мен насыбай алып кірмек болды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 15:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысында газ құбырын жөндеуші режимдік аумаққа ұялы телефон алып кірмек болған. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Газ құбырын жөндеуші жалдамалы жұмысшыны тінту кезінде іш киімі мен сөмкесінен 3 ұялы телефон және SIM-карта, насыбай салынған екі қалташа тәркіленді. Тәркіленген материал әкімшілік сотқа жолданды», - делінген комитеттің мәліметінде.

Ал Жамбыл облысында түзету мекемесінің қоршауынан 90 грамм есірткі асыру әрекетінің жолы кесілген.

«Түнгі сағат 22.00 шамасында Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Ол түзету мекемесінің қоршауынан 90 грамм марихуана асырып лақтырған кезде қолға түсті. Мемекенің жеке құрамы қырағылық танытқанның арқасында заңсыздықтың жолы кесілді. Жыл басынан бері қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері түрмелерге рұқсат етілмеген зат кіргізудің 310 әрекетін анықтаған. Көбінесе ұялы телефон, есірткі, ақша және ішімдік тәркіленді», - дейді ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Теңізжан Жәнібеков.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға, Заң,
Жоғары қарай