Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

ҚТЖ төрағасы Сауат Мыңбаев Арыста жүр

2019 жылдың 9 қазан 2019 18:12

АРЫС. ҚазАқпарат - Сауат Мыңбаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс қаласының басты көрікті жерлерінің бірі - теміржол вокзалында болды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның төрағасы Арыс темір жол стансасындағы көлік инфрақұрылымы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты. Шойын жол нысандарында жүргізілген барлық жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталған. Жарылыс салдарынан темір жол торабында орналасқан 60-тан астам қызметтік-техникалық ғимараттар, көптеген тұрғын үйлер зақымдалған болатын. Қысқа уақыт ішінде көне теміржол вокзалы толық қайта жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енген. Қала өміріндегі тарихи да маңызды нысанның күрделі құрылысын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» жүргізді.







Арыс – Орта Азия қақпасы, тоғыз жолдың торабы атанған теміржолшылар қаласы. Халқының басым көпшілігі де шойын жол саласында қызмет етеді. Биыл 1-теміржол вокзалына 115 жыл толып отыр. Іргетасы 1904 жылы қаланған көне ғимараттың іші-сырты толық жаңғыртылды. Ең бастысы, ғимараттың тарихи сәулеті сақталып, ұрпаққа көне жәдігерлердің бірі болып қалмақ.













Жоғары қарай