Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

ҚР СІМ Араб коалициясының Йеменде оқ атуды тоқтату шешіміне мәлімдеме жасады

2020 жылдың 10 сәуір 2020 19:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Араб коалициясының Йеменде оқ атуды тоқтату шешіміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Араб коалициясының біржақты түрде 2020 жылдың 9 сәуірінен бастап екі апта мерзімге Йемен Республикасында оқ атуды тоқтату бастамасына қошемет білдіреді. Біз бұл шешімнің йемен халқына COVID-19 коронавирусының таралу салдарына қарсы тұруға көмектесетініне, сондай-ақ оқ атуды түбегейлі тоқтату үшін қажетті жағдай жасауда және Йемендегі жанжалды жан-жақты қамтылған саяси жолмен реттеу бойынша келіссөздерді жандандыру жолындағы маңызды қадам болатынына үміт артамыз», - делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.


Басты сөздер: ҚР СІМ, Коронавирус,
Жоғары қарай