Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

ҚР Президенті Владимир Зеленскийді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2019 жылдың 22 сәуір 2019 14:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийдің Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», - деп жазады ҚР Президенті твиттердегі парақшасында.

Еске сала кетейік, сайлаудың соңғы қорытындысы бойынша Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың 24,61% жақтаған.

Жоғары қарай