Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

ҚР Президенті Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

2019 жылдың 20 ақпан 2019 19:52 551

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін танытты.

Атап айтқанда, атом және баламалы энергетика саласындағы, сондай-ақ Қазақстанда мұнай мен газды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығына назар аударылды.

Сонымен қатар, тараптар әлемдік мұнай нарығындағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, мұнай экспорттаушы елдер рөлінің маңызды екенін атап өтті.

Екі ел басшылары өзара сапар жасау тәжірибесін жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.

 

 

 

Жоғары қарай