Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

ҚР Президенті мемлекет тарапынан бизнесті қолдау туралы айтты

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 14:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қолдауға ие болған әр субъекттің жұмысын талдау арқылы бұл салаға баға беруге болатынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы ішкі өнімнің 5 пайыздық көрсеткішіне жету үшін негізгі капиталға салынған инвестиция 2024 жылға қарай Жалпы ішкі өнімнің 30 пайызына жетуі керек. Үкімет пен әкімдер 2024 жылға дейінгі инвестициялық жобалар пулын бәрін толығымен жүзеге асыруы тиіс. Олардың жалпы көлемі 44 трлн теңгеге тең. Тағы да айта кетейін, бізге сапалы инвестициялар керек. Жайлы статистика шынайы жағдайды көлегейлемеуі тиіс. Сонымен бірге, Парламентте жатқан бизнес-климатты жақсарту бойынша заңнаманы жетілдіру ісін жеделдету керек», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы сонымен қатар, бизнесті мемлекеттік тұрғыда қолдау шараларын күшейтудің маңызына тоқталды.

«Қазіргі таңда тиімділікті талдау ісі қолдауды алған әрбір субъекті зерттеу арқылы жүргізілмейді. Жеке кәсіпорындарды қолдаудың нәтижелері көрінбейді. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау көбінесе күмәнді жобаларға – жанар-жағармай бекеттеріне, сауда орталықтарына жұмсалып жатыр. Әлбетте, ол да бизнес. Бірақ, мемлекеттік бизнес бұдан да жоғары мақсаттарды көздеуі керек. Әкімдіктер, «Атамекен» ҰКП-ның өңірлік филиалдары мұны қатаң бақылауға алуы керек. Үкімет «Атамекенмен» бірлесіп, әр субъект бойынша мониторинг жүргізетін арнайы ақпараттық жүйені әзірлеу жұмысын аяқтауы тиіс», - деді ол.


Жоғары қарай