Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.93
EUR 423.00
RUB 5.87
CNY 54.82

ҚР Президенті Корея басшысымен қандай мәселелерді талқылағанын айтты

2019 жылдың 22 сәуір 2019 13:53 325

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Корейлік компаниялардың бірлескен жобаларды жүзеге асыруға зор қызығушылық танытып отырғандығы қуантады. Бұл туралы бүгін Ақордада Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа ғана біз Президенті Мун Чжэ Инмен мазмұнды келіссөздер жүргізіп, екіжақты іс-қимылдардың өзекті мәселелерін талқыладық. Халықаралық және өңірлік күнтәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмастық. Іс жүзінде талқыланған барлық тақырыптар бойынша өзара түсіністік пен қолдау көрсету жөнінде келісімге келгенімізге қуаныштымын»,- деді ҚР Преиденті.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруді көздейтін жұмыстарды жалғастыруға уағдаласқандықтарын да айтты.  

«БҰҰ жүйесіндегі құрылымдар, ДСҰ, Орталық Азия-Корея Республикасы форумы  және басқа да ұйымдар аясында белсенді әрі тығыз ықпалдастыққа қол жеткіздік. Бүгінгі сапардан кейін көпжақты ықпалдастығымыздың ауқымы мен мазмұны кеңейетіндігі сөзсіз», - деді Қ.Тоқаев. 

Сонымен қатар, ҚР Президенті бүгінгі келіссөздер барысында сауда-экономикалық  өзар іс-қимылдың келешегі де қаралғанын айтты. Бұл ретте аталған бағыттағы жұмыстар басымдығы Қазақстан мен Корея арасындағы 2019-2022 жылдарға арналған «Самал жел» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасында көрініс тапқандығына назар аудартты.

«Бүгінде біздің елдеріміз машина жасау, құрылыс, жол, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы,  қаржы секторы, денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сынды түрлі салаларда ірі жобаларды жүзеге асырып жатыр.  Корейлік компаниялардың бірлескен жобаларды жүзеге асыруға зор қызығушылық танытып отырғандығы қуантады. Бүгінде 500-ден астам бірлескен қазақстандық-корейлік  кәсіпорын  Қазақстан аумағында белсенді жұмыс жасап жатыр. Меніңше, келешекте олардың саны арта түсетін болады», - Қ.Тоқаев.

 



null 

Жоғары қарай