Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

ҚР Президенті Kaspi.kz негізін қалаушы Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады

2020 жылдың 21 ақпан 2020 17:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Kaspi.kz Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе Президентке цифрлық қызмет көрсету сервисінің және тиісті экожүйенің даму стратегиясы, сондай-ақ, Қазақстандағы электронды коммерцияның өсу перспективалары туралы баяндады. Әсіресе компанияның шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөніндегі жоспарына ерекше мән берілді.

Мемлекет басшысына Kaspi.kz компаниясының акцияларын алдағы уақытта Лондон қор биржасы мен Астана халықаралық қаржы орталығының алаңдарына ашық түрде орналастыруға дайындық жайы айтылды.

Президент қазақстандық компанияның одан әрі дамуына техникалық инновациялардың оң тәжірибелерін енгізудің маңызды екенін атап өтті.


Жоғары қарай