Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

ҚР Президенті Дархан Кәлетаевқа бірқатар тапсырма берді

2020 жылдың 24 ақпан 2020 19:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Кәлетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салсақ, Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалған болатын.


Жоғары қарай