Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

ҚР ОСК Президент сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды

2019 жылдың 10 маусым 2019 22:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президент сайлауының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, Жамбыл Ахметбеков 167 649 дауыс немесе сайлаушылардың жалпы дауысының 1,82 процентін, Дания Еспаева 465 714 дауыс немесе барлық сайлаушылардың дауысының 5,05 процентін, Әміржан Қосанов 1 495 401 дауыс, яғни барлық сайлаушылардың дауысының 16,23 процентін, Төлеутай Рахымбеков 280 451 дауыс немесе жалпы сайлаушылардың дауысының 3,04 процентін алды.




null"Сондай-ақ Амангелді Таспиховқа 182 898 дауыс берілді, бұл дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1,98 проценті, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 539 715 дауыс немесе сайлаушылардың 70,96 проценті дауысын берді. Сәді-Бек Түгел 84 542 дауыс немесе сайлаушылардың жалпы санының 0,92 процентінің дауысын алды», - деді ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Жоғары қарай