Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

ҚР Қорғаныс министрі қауіпсіздік мәселелері бойынша Бейжің форумына қатысуда

2019 жылдың 21 қазан 2019 19:07

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда «Сяншань» қауіпсіздік мәселелері бойынша IX Бейжің форумының ашылуы өтті. Шараға қазақстандық тараптан ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған делегация қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы жылғы форумның тақырыбы - халықаралық тәртіпті сақтау және Азия-Тынық мұхиты өңірінде бейбітшілікті ілгерілету.

«Бүгін алғашқы пленарлық отырыс өтті. Онда қорғаныс ведомстволарының өкілдері ірі державалардың қарым-қатынастары мен халықаралық тәртіпті талқылады. Форум аясында барлығы төрт пленарлық отырыс өтеді. Оның барысында қатысушылар жаһандық қауіпсіздік, әскери саладағы халықаралық бақылау жүйесі және басқа да мәселелерді талқылайды», - делінген хабарламада.

Одан басқа, қатысушылар «CATIC» қытай ұлттық аэроғарыш импорттық-экспорттық корпорациясына және қосалқы бөлшектерді сақтауға арналған автоматтандырылған қоймаға баратыны жоспарланған.

Жоғары қарай