Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

ҚР ІІМ ЖСН-дегі «қателіктерге» байланысты түсінік берді

2019 жылдың 3 сәуір 2019 23:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ-нің Миграциялық қызмет комитеті бұқаралық ақпарат құралдарында мекемелер мен қызмет көрсету орындарының жеке сәйкестендіру нөміріндегі (ЖСН) қателікке байланысты төлем қабылдаудан бас тарту мәселесіне байланысты жағдайды түсіндірді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

БАҚ-та салық қызметі, банктер мен өзге де ұйым, мекемелер тарапынан төлем қабылдаудан және кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартып отырғаны туралы ақпарат тарады. Мұның басты себебі ақпарат құралдарының хабарлауынша, ЖСН-дегі мәліметтер адамның туған күнімен, немесе туған жылымен кейбіреуінде тіпті жынысымен сәйкес келмейді.

«Біз өз тарапымыздан мұндай әрекеттерді заңсыз дер едік. ЖСН туу туралы куәлік берілген кезде автоматты түрде қалыптасады (2009 жылға дейін ол жеке құжатты немесе жеке куәлікті дайындаған кезде қалыптасатын) және ол өзгермеу, теңдессіздік прициптеріне негізделген»,-делінген хабарламада.

Бұл дегеніңіз Қазақстанның әрбір азаматының өзінің жеке ЖСН-і болады және ол өзге адамның ЖСН-імен сәйкес келуі мүмкін емес, сонымен қатар ЖСН бір рет беріледі де ол сол адамның өмірінің соңына дейін өзгермейді.

Бұл жерде ЖСН-дегі цифрлар техникалық тұрғыдан ғана маңызды, ең маңызды мәселе оның коды екенін айта кету керек. ЖСН құрамын тексеру үшін арнайы 12 цифр ойластырылған және ол арнайы формула арқылы оқылады. Сол себепті банктер, емханалар мен өзге де мекемелер ЖСН-ді тексеру қажет болған жағдайда осы 12 цирлық формуланы қолданулары керек.

Ұлттық банкке, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктеріне, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы сияқты ұйым, мекемелерге ҚР ІІМ-гі тарапынан тиісті түсініктеме берілді.

Банктер қолданатын компьютерлік бағдарламаларда ЖСН-ді тексеру алгоритмі қайта жасалды. Енді ол азаматтардың жеке мәліметтерімен байланыстырылған.

Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Заң, Қоғам, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай