Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

ҚР ІІМ: Атышулы видеодағы полицей қызметіне оралмайды

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 17:48

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов жұртшылық наразылығын тудырған видеоны түсірген полицейге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білесіздер, ҚР ІІМ Қарағанды академиясы қызметкерінің Жаңа жылға орай жолдаған құттықтауы әлеуметтік желіде тарап кетті. Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеру жүргізіп, бірінші курс басшысының орынбасары ішкі істер органдарынан босатылды. Алдағы уақытта бұл факті оның ішкі істер органдарына қызметке оралуына жол бермейді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Бандамыз» деп видеоролик жолдаған полиция шенеунігі қызметінен қуылды

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде полиция киіміндегі қызметкердің құттықтауы тарады.

Полиция қызметкері құттықтау сөзінде қылмыс әлемінің адамдары жиі пайдаланатын сөздерді айтқаны үшін жұртшылықтың сынына ұшырады. Осыған байланысты ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев бұған дейін түсінік берген болатын.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Интернет, Оқиға, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай