Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

2019 жылдың 10 сәуір 2019 19:29

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Әлия Қайратқызы Ғалымова Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы болып және Ержан Болатқанұлы Нүкежанов Дін істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ә. Ғалымова 1970 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Түрлі жылдары Қазақ-Герман техникалық бизнес-колледжінде, Павлодар мемлекеттік университетінде, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болды. 2003-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымында бас сарапшы, бөлім меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2010-2012 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы болып қызмет етті. 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі болды. 2016 жылдың қарашасынан Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы қызметін атқарды.



null

Е. Нүкежанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 2002 жылы еңбек жолын «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ ақпараттық-талдамалық қызметінің редактор-жүргізушісі болып бастаған. 2002-2009 жылдары Халықаралық заманауи саясат институтында, «Хабар» агенттігінде, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы» ҚМ-да, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеген. 2009-2016 жылдары - ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, кеңесші және сектор меңгерушісі ретінде қызмет еткен. 2016-2018 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі аппарат басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы маусымнан бастап Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Басты сөздер: Тағайындау, ҚР Үкіметі,
Жоғары қарай