Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

ҚПЛ: «Жетісу» үздіктерге жақындай түсті

2019 жылдың 19 қазан 2019 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 30-турының екі ойыны өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарда жергілікті «Ертіс» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады. Алаң иелері аталмыш кездесуде жеңіске жетті. Есеп 37-минутта ашылды. Сол сәтте «Қайсардың» қорғаушысы Александр Марочкин өз айып алаңында павлодарлық ойыншы Руслан Мингазовты шалып шықты. Бас төреші А.Марочкинге қызыл қағаз көрсетіп, оны алаңнан қуды. «Қайсардың» қақпасына белгіленген пенальтиді павлодарлық ойыншы Жереми Манзоро мүлт жіберген жоқ. Екінші кезеңнің 51-минутында «Ертіс» футболшысы Руслан Есімов есепті ұлғайта түсті. Ал 56-минутта бұрыштамадан әуелете берген голды қайсарлық Абдель Азиз Ламанж баспен қақпаға соғып кетті. Ал 80-минутта «Қайсардың» сапынан Иван Садовничий алаңнан қуылып, қызылордалықтар ойынды тоғыз футбошымен аяқтауға мәжбүр болды. Осылайша «Ертіс» қарсыласынан 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Атырау» сегіз ойыннан бері жеңіске жете алмай кеелді. Жақында командаға жаңа бапкер тағайындалды. Бұл қызметке белгілі қазақстандық маман Асқар Қожабергенов келді. Дегенмен олар бүгін де сүреңсіз ойын көрсетті. Бұл жолы өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасынан 0:3 есебімен жеңілді. «Жетісу» сапынан Мартин Тошев 11, 37-минутта Руслан Степанюк, Ненад Адамович 40-минутта мергендік танытты.

Аталмыш турдағы қалған ойындар 20 қазанда өткізіледі. Бұл күні «Тобыл» мен «Ордабасы», «Тараз» бен «Шахтер», «Ақтөбе» мен «Оқжетпес», «Астана» мен «Қайрат» командалары кездеседі.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай