Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

ҚПЛ: «Астана» жағдайын қиындатып алды

2019 жылдың 6 қазан 2019 20:20

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі 29-турының тағы бір ойынында Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен елордалық «Астана» командалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесуде тең нәтиже тіркелді. Ойын барысында 15-минутта «Ордабасы» сапынан Темірлан Ерланов пенальтиден есеп ашқан еді. Ал 51-минутта Жоао Паоло таразы басын теңестірді. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Айта кетерлігі, екі команда да биыл чемпиондық атақ пен жүлделі орыннан көрінуге тырысып келеді. Сондықтан тең нәтиже екі команданы да қанағаттандыра қоймайды. Әсіресе, соңғы төрт жылда қатарынан чемпион атанып келген «Астана» қалған бес кездесуде де жеңіске жетуі тиіс. Олар «Қайрат», «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Тобыл», «Ертіс» командаларымен кездеседі.

Бұл турдағы «Қайсар» мен «Тобыл», «Шахтер» мен «Атырау» арасындағы кездесу 30 қазанға ауыстырылды. Бүгін, 6 қазанда Қазақстан кубогының финалында «Қайсар» «Атырау» командасынан басым түсіп, аталмыш турнирдің жеңімпазы атанды.

Қазір турнир кестесі 29 ойыннан кейін «Қайрат» 62 ұпаймен көш бастап келеді. Одан бір ойын өткізген «Тобылдың» 59, «Астананың» 57 ұпайы бар.

Енді 30-тур ойындары 19 және 20 қазан күндері өтеді. Алдымен 19 қазанда «Ертіс» пен «Қайсар», «Атырау» мен «Жетісу» командалары кездессе, 20 қазанда «Тобыл» мен «Ордабасы», «Тараз» бен «Шахтер», «Астана» мен «Қайрат», «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» командалары ойнайды.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай