Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

ҚПЛ: «Астана» Павлодарда «Ертісті» ойсырата жеңді

2019 жылдың 15 мамыр 2019 20:44 619

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-турының алдын ала бір ойыны өткізілді. Бұл кездесуде Павлодарда жергілікті «Ертіс» елорданың «Астана» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл «Ертіс» командасы сылбыр ойын көрсетіп келеді. Қазір 11-турдан кейін турнир кестесінде небәрі 9 ұпаймен 10-орында тұр. Ал «Астана» біріншілікті сәтті бастады. Турнир кестесінде көш бастап келеді. Дегенмен соңғы турларда қарсыластарына есе жіберіп қойып жүр. Айта кетерлігі, екі команда 5 мамырда Нұр-Сұлтанда 9-тур ойындарын өткізген еді. Бұл кездесуде күтпеген жерден «Астана» «Ертіске» 0:1 есебімен жол беріп қойды  Елордалық клуб одан кейін 12 мамырда сырт алаңда «Тараз» командасынан жеңіліп қалды.   

Бүгінгі кездесуде «Астана» алғаш болып есеп ашты. Оны 40-минутта Джуниор Кабананга орындады. Ал 60-минутта елордалық клуб сапынан Марин Томасов есепті үстемелей түсті. Ол 85-минутта тағы бір голдың авторы атанса, 90-минутта «Астана» шабуылшысы Ромело Янга қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Астана» 4:0 есебімен жеңіске жетті. Елордалық клуб биылғы біріншіліктегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, «Ертіс» жетінші мәрте қарсыластарына есе жіберді.

Енді 11-тур ойындары 18 және 19 мамыр күндері өткізіледі. Бұл күндері «Оқжетпес» пен «Қайсар», «Жетісу» мен «Ақтөбе»,  «Тобыл» мен «Атырау», «Ордабасы» мен «Тараз», «Қайрат» пен «Ертіс», «Астана» мен «Шахтер» шеберлік байқасады. 

 

Фото: www.fcastana.kz

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Павлодар облысы,
Жоғары қарай