Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қозғалтқышы өртенген жолаушылар  ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

2019 жылдың 9 қазан 2019 22:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бортында 90 жолаушысы бар Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing 767 ұшағының қозғалтқышы өртеніп, Сенегалға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Independent газеті әуе компаниясына сілтеме жасап.

«Ethiopian Airlines ұшағы әуеге көтерілгеннен соң қозғалтқышыының өртенуі салдарынан көп ұзамай қонуға мәжбүр болды», - делінген хабарламада.

Басылымның жазуынша, Boeing 767 жолаушылар ұшағы Сенегалдан ұшып шығып, Малиге бет алған. Арада біршама уақыт өткен соң ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышы өртенгенін байқаған.

Ұшақ дереу Сенегалдың астанасы Дакарға қайта оралды.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай