Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Қостанайлық тұрғын өз үйінде өртеніп кетті

2019 жылдың 14 шілде 2019 14:36 220

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«13 шілде күні 22:22-де өртке қарсы қызмет пультіне Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылындағы жеке үйдің өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Үйдегі өрт жақын маңдағы шаруалық құрылысқа өткен және жалпы 180 шаршы метр аумақты от шарпыған», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 00:54-те толық сөндірді. Оған Қостанай облыстық ТЖД 7 маманы мен 2 техникасы жіберілді.

Оқиға орнынан 1964 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.

Жоғары қарай