Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қостанайлық полицейлер тұрғындардан қару сатып алуға 3 млн теңге жұмсады

2019 жылдың 16 сәуір 2019 18:49

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының полиция департаменті тұрғындардан 65 дана қару сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 10 сәуірінен бастап полиция департаменті облыс тұрғындарынан атыс қаруын, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алуды бастады. Акция ережесі бойынша, қару қабылдау әрбір аумақтық полиция органдары бөліністерінде жүргізіледі. Бүгінге дейін өз еркімен қару тапсыру жөнінде 50 өтініш түскен.

«Тұрғындардан 65 дана қару сатып алынды. Оның ішінде 3 кесік, 5 тегіс ұңғылы мылтық болса, 54-і - оқ-дәрілер. Акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен біздің облысқа 3 млн 225 мың теңге бөлінді. Жалпы ел бойынша 11 млн 168 мың теңге қарастырылған. Облыста қаруды сатып алуға бөлінген қаражат толығымен игерілді»,- делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Ведомстводан мәлім еткендей, өз еркімен қару тапсырған адамдар әрбір қару-жарақ немесе оқ-дәрі үшін 10-нан 100 АЕК дейін ақшалай сыйақы алды.

Жоғары қарай