Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Қостанайлық полицейлер 6 жылдан бері ұстатпай жүрген ұрыны қолға түсірді

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 13:58

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қарасу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 6 жыл бойы ұрлық жасап келген Ақмола облысының 42 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс деректерінде көрсетілгендей, 2013 жылдан бастап, ауданның полиция бөліміне жергілікті тұрғындардан 13 өтініш келіп түскен. Олар тұрмыстық техника, автокөлік бөлшектері, аккумулятор, құрылыс материалдары және басқа да ұсақ бөлшектерінің ұрланғанын айтып шағымданып келген.

«Барлық дерек бойынша қылмыстық істер тіркелгенімен, алайда ұзақ уақыт бойы ашылмады. Бұған қылмыстың уақытта ғана жасалғаны себеп болды. Күдікті негізінен дүкендер, гараждар, автомашиналар, сондай-ақ шаруашылық орындарын тонап кетіп отырған. Әккі ұры жымысқы әрекеттерінен ауданның Октябрьское, Железнодорожное, Шолғашы және Жаныспай ауылдарының тұрғындары зардап шекті», - дейді Қарасу ауданы ПБ тергеушісі, полиция майоры Константин Лоренц.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары Ақмола облысындағы әріптестерімен бірлесіп, күдіктіні Есіл қаласында қолға түсірді. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам Ақмола облысында да бірнеше ұрлық жасап үлгерген.
«Оның пәтерін тінту кезінде ұрланған көптеген заттар табылды, олар кейін заңды иелеріне қайтарылды. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Сонымен қатар, жәбірленушілерге материалдық шығын ішінара өтелді. Жалпы бір де бір қылмыс немесе құқық бұзушылық назардан тыс қалмайды. Оларды ашу бойынша полиция қызметкерлерінің қажырлы жұмысы оң нәтиже береді», - деп атап өтті тергеуші Константин Лоренц.

Қазіргі уақытта 42 жастағы ұрыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданады. Полиция қызметкерлері өз мүліктерін ұрлауға және сақтауға қарсы тұру мақсатында облыс тұрғындарын қарапайым сақтық шараларын пайдалануды сұрайды. Атап айтқанда, кіретін есікке қосымша бекіту құрылғысын орнату, көлік құралдарын, гараждарды, шаруашылық құрылыстарын қараусыз қалдырмау.

Еске салсақ, 2020 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес ұрлық (тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына заңсыз кірумен жасалған) ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды. Бап санкциясы қатаңдатылды және мүлкін тәркілеумен 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасын көздейді.


Жоғары қарай