Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қостанайлық полицейлер 18 жылқыны іздеп тапты

2019 жылдың 15 сәуір 2019 23:22

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық полицейлер жайылымда жүрген 18 жылқыны тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Аманкелді ауданындағы шаруашылық иесі бірнеше рет полицияға жылқыларының жоғалғаны туралы арыз жазған.

«Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Құмкешу ауылынан 18 шақырым жерде жайылып жүрген 18 жылқыны тапты. Полиция үй жануарына салғырт қараған шаруашылық иесін жазаға тартты. «Вветеринария саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін» ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл 20 АЕК құрайды», - делінген полицияның баспасөз қызметінде.

Осындай жағдайларды болдырмау үшін тәртіп сақшылары үй жануарларына арнайы чип тағуды ұсынады. Себебі, жыл басынан бері жайылымда, қараусыз жүрген 54 жануар табылды.

Жоғары қарай