Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қостанайлық полицей әлем кубогының иегері атанды

2019 жылдың 8 қазан 2019 22:29

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы полиция департаменті жедел қимылдау арнайы жасағының қызметкері Ресейдің Анапа қаласында өткен кикбоксингтен Әлем кубогының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлем кубогына 30-дан астам елдің ең үздік деген спортшылары қатысқан. Олардың арасында қостанайлық Темірлан Қабиев те бар. Ол – бокстан және кикбоксингтен спорт шебері.

«91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеттім. Чемпиондық жолда Ресей Федерациясы, Түркия және Әзербайжанның спортшыларымен жолығып, бәрінен басым түстім. Әлем кубогына жақсы дайындықпен келдім. Мұнда әлсіз қарсылас жоқ, бұл бізді одан да күшті етеді», -деп атап өтті Темірлан Қабиев.

Темірлан – Шырақбек Қабылбаев атындағы ІІМ Академиясының түлегі. Биыл ол ішкі істер органдарының қатарына келді. Енді оны қараша айының соңында Түркияда өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Айта кетейік, Темірлан Азия чемпионы атағына ие.

Жоғары қарай