Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қостанайлық кәсіпорын жұмысшыларына 24 млн теңге қарыз

2019 жылдың 5 сәуір 2019 21:17

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қостанай кәсіпорындары өз қызметкерлеріне 50 миллион теңгеден астам қарыз. Бұл туралы бүгін әкімдікте өткен кеңес барысында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылы облыстың мемлекеттік еңбек инспекциясының жұмыс нәтижесі бойынша 2680 қызметкердің алдындағы 187 млн теңге көлемінде жалақы қарызы өндірілді. Жалпы, дағдарысқа қарсы штабтың жұмысы аясында еңбекақы бойынша 7 мың қызметкердің жалақысы қайтарылды. Бұл сома 485 млн теңгеге жетті.

«Осы жылы тиісті шаралардың арқасында жалпы сомасы 32 млн теңгеден астам жұмысшы жалақысы өтелді. Айта кету керек, 2019 жылдың басынан «Әліби-Сенім» ЖШС 226 қызметкеріне қарыз. Бүгінде бұл қаражат 13 млн теңгеден асқан. Тағы сондай «Нива-Ұзынкөл» серіктестігінің қарызы 8,1 млн теңгеге есептелді. Қазір 106 жұмысшы тиісті еңбекақысын ала алмай жүр. Ал «Сокол-Агро» ЖШС 5,1 млн теңге қарыз болса, «Золотой - Колос» ЖШС берешегі тіпті 24 млн теңгеден асып жығылды»,- деп мәлімет берді М. Жүндібаев.

Белгілі болғандай, өткен жылы өзге қаладан келген жұмыс берушілер тарапынан облыстың жалдамалы жұмыскерлеріне қатысты жалақы төлеу бойынша проблемалар туындаған. Мысалы, облыс аумағында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаған көкшетаулық «Инсект» ЖШС қостанайлықтарға ақша төлемеген.

«Аудан-қала әкімдері жалақыны төлемеуге байланысты еңбек жағдайларын ретке келтіруі тиіс. Қажет жағдайда әр кәсіпорындағы ахуалға тұрақты негізде мониторинг жүргізу тапсырылады. Сондай-ақ, жалақы бойынша берешектің пайда болуын болдырмау және жалақыны уақытылы төлеу үшін ірі кәсіпорындармен, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен тиісті қаржы резервін құру бойынша тиісті жұмыс жүргізу қажет»,- деп тапсырды облыс әкімінің орынбасары.

Жоғары қарай