Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Қостанайлық кәсіпкер көпбалалы отбасыға үй алып берді

2019 жылдың 9 сәуір 2019 20:54 862

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық кәсіпкер «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы отбасыға үй сатып алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы көптеген  жанұяға қуаныш сыйлап келеді. Осындай іс - шаралардың бірі Таран ауданында жалғасты. Жергілікті шаруа қожалығының  басшысы Красносельский ауылынан әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 4 бөлмелі  үй алып берді.  Баспана бақыты Азацкаялардың  отбасына бұйырды.

«Бұл күтпеген тосынсый болды. Адамгершілік жасап,  шаңырағымызды шаттыққа кенелткен  кәсіпкерге алғыс білдіреміз. Бұған дейін басқа  ауылда баспана жалдап келдік. Әрі балаларға мектепке қатынау қиын болатын.  Біздің мәселеміз бейжай қалдырмағаны қуантады. Мұндай үйге қол жеткіземіз деп ешқашан ойлаған жоқпыз»,- көпбалалы ана Марина Азацкая.

Айта кетейік, бұл отбасы осыдан бірнеше апта бұрын тұрғын үй мәселесімен партияның қоғамдық қабылдауына келген болатын.

 

 

Жоғары қарай