Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Қостанайлық экс-полицей кәсіпкерді бопсалап, ақша талап еткен

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 04:30 786

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында ғимарат ішіне кіріп, ақша талап еткен экс-полицейге қатысты сот ісі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот алдында бұрын істі болған полиция қызметкері Самат Наурызов жауап берді. Іс деректерінде көрсетілгендей, өңірлік Полиция басқармасының ұйымдасқан қылмыс басқармасының қызметкерлері 2018 жылдың шілде айында сотталушының пәтерін іздестіру барысында қолдан жасалған «РПГ-22» танкке қарсы гранатасын тапты. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары жуынатын бөлмеден сотталушыға сыйға берілген оқ-дәрiлердің барын анықтады. Жатын бөлмеден 7,62 калибрлі екі жауынгерлік патрон табылды.

Ведомствода мәлім етілгендей, 2018 жылғы 18 шілдеде экс-полицей бірнеше адаммен алдын ала сөз байласу арқылы жергілікті кеңсе ғимараттарының біріне кіреді. Олар зорлық-зомбылық шараларын қолдана отырып, кеңсе ішіндегі кәсіпкерге, оның отбасы мүшелеріне күш көрсетіп, 15 000 АҚШ долларын талап еткен.

Жоғары қарай