Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.22
EUR 388.07
RUB 5.60
CNY 49.93

Қостанайлық бос уақытында еңбек еткені үшін жұмыстан қуылған

2017 жылдың 12 қазан 2017 23:13 693

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жұмыстан заңсыз шығарылған Қостанай облысы тұрғыны сот шешімімен бұрынғы жұмысына қайта алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лисаков қаласының тұрғыны қалалық әкімдіктің мәдениет және спорт орталығы мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қайта орналастыру және  мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін өтемақы өндіру туралы шағымымен сотқа жүгінген. Шағым иесінің мәлімдеуінше, 2013 жылдың 31 қаңтарынан ол аталған кәсіпорынға музыкалық жетекші ретінде 47 мың теңге еңбекақыға, аптасына бес күндік жұмыс кестесімен жұмысқа қабылданған.

Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында «Мәдениет және спорт орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Еңбек кодексінің 52-бабы 2-бөлігі негізінде, оны қосымша басқа жерде еңбек ететіндіктен жұмыстан шығарып жіберген. Азамат Б. балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінде күніне екі сағат жұмыс істеген. Дегенмен, ол қосымша жұмысты негізгі жұмыс орнында сегіз сағаттық жұмыс уақытын өтегеннен соң атқарған.

Өзінің жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санаған Б. соттан жұмысқа қайта орналастыруды және 2017 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін  мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін еңбекақы өндіруді сұраған.

Істі қарау нәтижесінде сот азамат Б-ның шағымын қанағаттандырып,  «Лисаков қалалық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты мәдениет және спорт орталығының Б-ны жұмыстан шығару туралы бұйрығы жойылды. Талапкер бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастырылып, 352 мың теңге көлемінде еңбекақысы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай