Ауа райы
Нұр-Сұлтан 25 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Қостанайдың бұрынғы әкімі мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

2019 жылдың 1 сәуір 2019 19:05 680

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Облыстық сотта оның апелляциялық шағымы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қостанай облыстық сотының алқасы Қостанай қаласының бұрынғы әкімін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдады.

«Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың қарсылықты негіздерін қарастырмайды. Сот қаулысы шағымдануға жатпайды», - делінген сот үкімінде.

Сондай-ақ, А. Ахметжановқа пробациялық бақылау тағайындалды. А. Ахметжанов қоныс колониясынан тек ертең ғана шығады, өйткені бүгін тиісті құжаттарды рәсімдеп үлгермейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. 2016 жылдың 11 сәуірінде Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  А. Ахметжановты 13 жылға бас бостандығынан айырды. Ал былтыр мамыр айында А.Ахметжанов Қостанай облысындағы қоныс колониясына көшірілді.

 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай