Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қостанайдың «Алтын микрофоны» анықталды

2019 жылдың 22 сәуір 2019 21:30 1067

 ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда дәстүрлі «Алтын микрофон» конкурсы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығына сілтеме жасап.

17-ші мәрте ұйымдастырылып отырған халықаралық вокал байқауына елімізбен қатар алыс-жақын шетелдерден келген жүзге тарта үміткер қатысты. Үш күн бойы өңірімізді ән-думанға бөлеген жас әншілер үздік дауыс иесін анықтау қазылар алқасына да оңайға соқпағаны анық.

Байқаудың гала-концертінде төрт жас ерекшелігіне қарай қатарынан суырылып шыққандарды марапаттау салтанаты өтті. 7-10 жас аралығындағы топта елордалық Жасмин Тілеуімбетова бірінші орынды иеленді. Литваның Каунас қаласынан келген Станкевисите Миледжа 11-13 жастағылар арасында үздік танылды. Болгариялық Александра Златева жасөспірімдер (14-17 жас) ішінен топ жарды. Ал 18 бен 21 жас аралығындағы ән доданың бірінші жүлдесін алматылық Фараби Сұлтанов иеленді.

Халықаралық «Алтын микрофон-2019» байқауының биылғы жеңімпазы - қостанайлық Ясмина Ибраева. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Гран-при иегеріне диплом мен ақшалай сертификат табыс етті.

Айта кетейік, өткен сәуір айының басында Ясмина Франция астанасында өткен ХХVІІІ фестивалінде жеңімпаз атанып келген болатын. Қостанай ауданы Заречный қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Парижден эстрадалық вокал номинациясы бойынша бірінші орынмен қоса, қазылардың шешімімен «Үздік орындау» аталымын жеңіп алды.



null 

null 

null 

null 

 

Жоғары қарай