Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Қостанайдағы ақындар айтысының жеңімпазы анықталды

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 18:21

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Айбек Қалиев туған жерінде өткен ақындар айтысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай қаласында Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған «Бейімбеттің биігі» атты республикалық ақындар айтысы кеше басталған-ды.

Бүгін финалдық кезеңге өткен 8 ақын айтысты. Тәжірибелі ақын Серік Құсанбаев қостанайлық Салтанат Өтелбаеваны жеңсе, Мейірбек Сұлтанхан Тоба Өтепбаевтан басым түсті. Елордадан келген Әсем Ережеқызы Орал ақыны Айнабек Бейсенғалиевті ұтты. Ақтаңгер ақын Айбек Қалиев пен Шұғайып Сезімханнан бір ұпай артық жинады.

Ынталандыру сыйлығы Медет Байзақов, Ерлан Дәулетұлы, Марғұлан Оспанов, Мамай Ізтілеу және Батырлан Сағынтаевқа берілді. Айнабек Бейсенғалиев пен Тоба Өтепбаевқа Омар Шипин атындағы арнайы сыйлық тапсырылды. З-орынды Салтанат Өтелбаева мен Шұғайып Сезімхан бөлісіп, әрқайсысы 500 мың теңгенің сертификатын алды. 2-орын Әсем Ережеқызы мен Серік Құсанбаевқа бұйырып, 600 мың теңгеден жүлдеге ілікті. 1-орын Мейірбек Сұлтанханда. Ол 1 млн теңге ұтты.

Ал бас жүлдені «Айтыс ақтаңгері» Айбек Қалиев жеңіп алды. Арқалық ақыны «Лада Гранта» автокөлігіне ие болды. Көлік кілтін облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев табыс етті.

Жоғары қарай