Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қостанайда жылыту маусымы аяқталды

2019 жылдың 29 сәуір 2019 22:35

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай жылу энергетикалық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, жылыту маусымының аяқталуы 2019 жылғы 29 сәуірге белгіленген.

«Бүгін сағат 08:00-ден бастап тұтынушыларды жылытудан ажырату басталды. Олардың арасында заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелер бар. Тұрғын үйлер ПИТК бекіткен кесте бойынша элеватор тораптарында ажыратылады. Балабақшалар, білім беру ұйымдарына жылу беру өтінімдер бойынша тоқтатылады», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Салтанат Хасенова.

Сонымен қатар, қалада ыстық сумен жабдықтау да тоқтатылады. 13-21 мамыр аралығында 2-қазандыққа, ал 27 мамырдан 6 маусымға дейін жылу энергетикалық орталығы және К-3 қазандығының тұтынушыларына ыстық су берілмейді.

Жоғары қарай