Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Қостанайда жүкті әйел отырған жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 21:31 561

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Аяғы ауыр әйелді ауруханаға алып бара жедел жәрдем көлігі «Лексуспен» соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы қала орталығында болған. Қостанай перинаталдық орталығының санитарлық көлігі «Лексус» маркалы көлікпен соқтығысқан. Белгілі болғандай, жол ережесін «Лексус» автокөлігі бұзған.

«Көлікте жүкті келіншек болған. Оның кеуде қуысы қысылған, қатты секем алған. Бұған қоса аяғы ауыр әйелді қарап келе жатқан медициналық қызметкер жарақат алды. Бұл фактіні облыстық ПД тексеріп жатыр», - дейді облыстық  денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Ал полицейлердің сөзінше, «Лексус» көлігін 35 жастағы ер адам басқарған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.



null 

 

 

Жоғары қарай