Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қостанайда жас дәрігерлерді қолдау үшін 200 млн теңге бөлінді

2019 жылдың 17 сәуір 2019 18:08

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Биыл Қостанай облысында дәрігерлер тапшылығын жою үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соған байланысты 200 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінде кадр тапшылығы мәселелері талқыланды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудниктің мәліметінше, бүгінде облыста 350 дәрігер жетіспейді. Оның ішінде ауылдарға 100-ден астам дәрігер қажет. Әссіресе, акушерлер мен фельдшерлер жоқтың қасы. Былтыр емдеу мекемелеріне 100-ге жуық дәрігер тартылды. Олардың арасында онкологтар, бала дәрігерлері, терапевт және хирургия саласының мамандары бар.


null

«Сонда да, облыс ауруханалары мен емханаларында ақ желеңділер жетіспейді. Жергілікті билік қалада жұмыс істеуге келген жас мамандарға 500 мың теңгеден, ауылдық жерлерге ат басын бұрғысы келгендерге 2,5 млн теңгеге дейін көтерме ақы ұсынады. Оның сыртында, олар еңбекақысына қосымша ынталандыру мүмкіндіктеріне ие болады. Былтыр жас дәрігерлерді қолдау үшін 56 млн теңге жұмсадық», - дейді Вячеслав Дудник.

Ал облыс басшысы медициналық кадрлардың жетіспеушілігін шешу үшін кешенді шаралар қабылдау керектігін айтты. Соның бірі - басқа облыстардан маман шақырту. Мысалы, қазіргі уақытта жас мамандарды тарту мақсатында Батыс Қазақстанның медициналық университетімен келісім жасалған.

«Қазір «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша қолдау шаралары күшейді. Бұрын әр маманға 170-180 мың теңге беретін болсақ, енді бұл сома әлдеқайда өседі. Сол үшін тағы 100 млн теңге қарастырып отырмыз. Бұл қаражат басқа облыстардан келген жастарды қолдауға арналған. Бұдан бөлек, ауылдағы емханаларға 134 млн теңге бөлеміз», - деді аймақ басшысы.

Жиында айтылғандай, кадр тапшылығының кесірінен туберкулез, ана мен бала өлімі, қан айналу жүйесі, қатерлі ісік аурулары бойынша Қостанай облысы тәуір көрсеткішке қол жеткізе алмай келеді.

Жоғары қарай