Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қостанайда жас дәрігерлер форумы өтті

2019 жылдың 22 сәуір 2019 22:30

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында республикалық жас дәрігерлер форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас дәрігерлерге арналған үшінші республикалық форум Қостанай қаласында ұйымдастырылды. Оған Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының жас мамандары қатысты. Диалог алаңында денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының өкілдері іске асырылатын әлеуметтік шараларға тоқталды. Жалпы, биыл Қостанай облысында дәрігерлер тапшылығын жою үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соған байланысты 200 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Оның 40 млн теңгесі ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған жас мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу мақсатында қарастырылған. Гиппократқа ант берген азаматтарды баспнамен қамту жағы да назардан тыс қалмады.

«Жас дәрігерлердің пәтер алуы үшін несиенің алғашқы 20 пайызын мемлекет субсидиялайды. Осы мақсатта 120 млн теңге тұрғынүй сертификаттарына жұмсалады. Тек осы жылы ғана еліміздің 90 жас дәрігеріне пәтер беріледі», - деді денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Сапарбек Дүйсенов.

Биыл ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған ақ желеңділерге 500 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар, жас дәрігерлердің басын қосқан алаңда кадрлық әлеуетті дамытуда қосымша гранттар бөлінетіні мәлім болды.

Дәрігерлер тапшылығы Қостанай облысы үшін өте өткір мәселе. Емдеу мекемелерін кадрлармен толықтыруға мемлекеттік және жекешелік әріптестік негізінде кешенді шаралар жүзеге асырылатын болады. Былтыр жергілікті бюджет есебінен 100 дәрігер астықты аймаққа келді. Оның 30-ы қызметтерін ауылдарда жалғастырған.

Форумда денсаулық сақтау саласындағы 12 жас маманға жарты млн теңге көлемінде сертификаттар берілді. Жалпы, соңғы 3 жылда облыста денсаулық сақтау саласын дамытуға 5,2 млрд теңге бөлінді. Қаржылай қолдау 8 есе өскен. Дәрігерлердің біліктілігін арттыру жағы да жолға қойылған. Диалог алаңына қатысқан ақ халатты абзал жандар Елбасының денсаулық сақтау саласына қатысты белгілеген тапсырмаларын жүзеге асыруға атсалысып, ел игілігі үшін еңбек ететіндерін жеткізді.

Жоғары қарай