Ауа райы
Нұр-Сұлтан 25 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Қостанайда «Үйге қызмет көрсету» жобасы іске қосылды

2019 жылдың 19 сәуір 2019 22:53 897

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша құқықбұзушылықтар тіркелген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басқарма басшысы Гүлнар Шағырова айтқандай, білім беру мекемелері құжат қабылдау кезінде заңсыздықтарға жол береді.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің бағдарламалары бойынша, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдаудың мемлекеттік стандарты бекітілген.

Дегенмен, кей мекемелер құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны 3-7 аралығында береді. Ал, стандартқа сәйкес, бұл 5 күннен аспауы тиіс. Негізі, облыста 500 мектеп бар, онда өткен жылы 18929 бала тіркелген. Тағы бір айта кетерлігі, «Білім туралы» Заңның 6 бабына сәйкес, кез келген кент, ауыл, ауылдық округ әкімі жергілікті елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін және кері қарай тегін тасымалдауды ұйымдастырады. Әкімдер мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алады. Ал ата-аналар тегін тасымалдау туралы өтінішті жылына бір-ақ рет жазуы тиіс», - дейді Г.Шағырова.

Департамент жақында «Үйге қызмет көрсету» жобасын іске қосты. Бұл жоба аясында көп балалы аналарға, сондай-ақ, мүгедек балалардың ата-аналарына қызмет көрсету спектрі, соның ішінде жәрдемақылар, тікелей олардың үйлерінде көрсетіледі. Қазір бұл жоба Таран және Меңдіқара аудандарында жақсы жүзеге асып келеді. Гүлнар Шағырова мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру туралы да сөз етті.

«Өткен жылы іске қосылған «Даму мед» ақпараттық жүйесі автоматтандырылған қызметтердің тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Атап айтқанда, «стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін электрондық форматқа ауыстыру ұсынылады. Бұл қызметті алу уақытын 60 минуттан 15 минутқа дейін қысқартуға, дәрігердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді басқарма басшысы.

 

 

Жоғары қарай