Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Қостанайда үстіне футбол қақпасы құлаған бала қайтыс болды

2019 жылдың 14 шілде 2019 10:43 217

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай балалар ауруханасында Намик Шишинов – футбол қақпасының астында қалып қойған бала қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қостанай жаңалықтарына» сілтеме жасап.

Бұл туралы басылымға баланың туыстары хабарлаған.

Олардың айтуынша, баланың жағдайы түнде бірден нашарлаған. Таңертең қайтыс болған. Дүйсенбі Намик Шишиновты Нұр-Сұлтандағы клиникаға ауыстыру керек болған.

Еске салайық, Қостанайда футбол қақпасының құлауы салдарынан 16 жасар жасөспірім зардап шекті. Оған бірнеше рет ота жасалды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Бала жасанды жолмен тыныс алып жатқан еді.

Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға,
Жоғары қарай