Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қостанайда тұрмыстық зорлыққа ұшыраған 13 әйел дағдарыс орталығына жіберілді

2019 жылдың 12 тамыз 2019 22:43

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда тұрмыстық қатынастардағы қылмыстардың алдын алу бойынша «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейд барысында полицейлер әкімшілік қадағалаудағы азаматтарды тексерді. Әсіресе, түрлі дәрежедегі шектеулері бар адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға, сот белгілеген аумақтан тыс жерлерге баруға, белгілі бір уақытта тұрғын үйден шығуға тыйым салынған азаматтар қадағаланды. Аталмыш іс-шара барысында 1142 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

«Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында 434 тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегін анықтады, 13 әйел дағдарыс орталықтарына жіберілді, құқық бұзушылыққа бейім 4457 адаммен профилактикалық әңгіме жүргізді. 63-тен астам қолайсыз отбасы анықталып, профилактикалық есепке алынды. 34 адамға қатысты спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдалануға тыйым салынды», - деді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.

Полицейлер атап өткендей, отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы қылмыстарды бұрын қылмыстық жауапқа тартылған азаматтар жасайды. Отбасы оқиғаларының негізгі себебі қызғаныш және туыстар арасында кенеттен туындаған түсініспеушіліктен болады.

Жоғары қарай