Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қостанайда көпбалалы отбасына баспана берілді

2019 жылдың 21 ақпан 2019 15:43

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Таран ауданының Тобыл елдімекенінде көпбалалы отбасына тұрғын үй кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Нұр Отан» партиясы Елбасының тапсырмасы бойынша көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасын бастады. Аталған жоба аясында Тобыл елді мекенінде тұратын Смирновтар отбасына тұрғын үй берілді. Отағасы Андрей Смирновтың айтуынша, бұл күтпеген сыйлық болды.

«Біз 5 бала тәрбиелеп отырмыз. Расында да, үйіміздің тозығы жеткен еді, жылу ұстамайды, электр жарығы да бірде бар, бірде жоқ. Бізге осындай қуаныш сыйлаған жанашырларға алғысым шексіз», - дейді ол.

Тұрмысы төмен жанұяға жаңа үйдің кілтін «БК-Стройпром» ЖШС тапсырды.

«Бүгін көпбалалы отбасыға қол ұшын создық. Өңірдегі барлық кәсіпкерді, шағын және орта бизнес өкілдерін осындай жанұяларға көмектесуге шақырамын. Қолдауға мұқтаж, жағдайы төмен мұндай шаңырақтар назардан тыс қалмауы тиіс», - дейді серіктестік директоры Сергей Ким.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәліметінше, Таран ауданында жыл басынан 20 ақпанға дейін жүз отбасыға көмек көрсетілген. Оған 826 900 теңге жұмсалды. 86 отбасы азық-түлік, 6 жанұя қатты отын, 4 үй ақша түрінде көмек алған.




null

Жоғары қарай