Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Қостанайда коммуналдық кәсіпорындардың фронт-кеңсесі ашылмақ

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 03:38

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында коммуналдық кәсіпорындар орналасатын фронт-кеңсе ашылуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Іnstagram парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Архимед Мұхамбетов бүгінгі жұмыс сапарын триатлон паркі алаңынан бастады. Парк құрылысы жоспарланған учаскеде жүгіру, велосипед және жаяу жүргіншілер жолы салынады. Облыс басшысы басқа да спорт түрлерінің әуесқойлары үшін көптеген алаңдар қарастырылғанын атап өтті.

«Индустриялық аймақтың әкімшілік-тұрмыстық кешеніне бардым. Кешенде бірқатар мемлекеттік мекемелер, «KAZAKH INVEST» өңірлік өкілдігі, Кәсіпкерлер палатасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Тобыл» ӘКК өкілдері, сондай-ақ жылжымалы кесте режимінде коммуналдық кәсіпорындар орналасатын фронт-офис ашу жоспарда», - деп жазды аймақ әкімі.

Жұмыс сапары соңында Архимед Мұхамбетов «Тобол Керамик» ЖШС қызметімен танысты. Кәсіпорын кірпіш, жабынқыш және күйдірілген саздан жасалған өзге де құрылыс заттарын шығарады. Кәсіпорынның өнімділігі – айына 500-600 мың дана.


Жоғары қарай